"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары"
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |