Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
16-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының балансындағы және қарамағындағы объектілерді, оның ішінде қонақтарға арналған резиденцияларды пайдалануды, сондай-ақ оған бекітілген орынжайларды, жабдықты, өзге де мүлікті және іргелес аумақты тиісті күйінде күтіп ұстауды ұйымдастырады;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |