Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 377 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      2) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      3) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      тоқыма бұйымдарын өндіруді;

      киім шығаруды;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;

      металлургия өнеркәсібін;

      жиһаз шығаруды;

      автокөлік құралдарын шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) ақпарат және байланыс;

      3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

      4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:

      1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, өндіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.";

      4) "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      5) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      6) "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері мыналар болып табылады:";

      7) "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      8) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 47-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      9) "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 74-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер ұйымдастыруға арналған ғимараттарды, музейлерді, қойма және әкімшілік ғимараттарды салу болып табылады.";

      10) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев