Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 373 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  
(үзінді)           

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Құпия.
      2. Құпия.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Құпия.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 373 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
      12-тармақта:
      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 64-19) тармақшамен толықтырылсын:
      «64-19) мемлекеттің киберкеңістіктегі инфрақұрылымдары объектілерінің ақпараттарын, коммуникациялары мен стратегиялық объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;»;
      12-3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қорғаныс өнеркәсібі кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешен, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;».
      «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімнің «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімде:
      3-жол алып тасталсын*;
      45 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын*:
      «4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.»;
      78 және 14-жолдар алып тасталсын*;
      2. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:
      3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесіндегі:
      мынадай:

«Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы департаменттердің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы»;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы Қызметтердің бастықтары, Қызмет бастықтарының орынбасарлары, Қызмет департаменттерінің бастықтары, департаменттердің бастықтары, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы»;

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:
      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, Қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, ҰҚК Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Академиясының және ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;».
      4. Құпия.
      5. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдегерлік қызмет және прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына: («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар)**.
      6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне енбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына: («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар)**.
      7. Құпия.
      8. Құпия.
      9. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери лауазымдары мен оларға сәйкес әскери атақтарының тізбесін бекіту және «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қбп Жарлығына («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).

      Ескертпе:
      * тиісті мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыруға және қайта атауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер аяқталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі;
      ** біріктірілген, қосылған және қайта аталған тиісті мемлекеттік мекемелер бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2016 жылғы 22 қарашадағы  
№ 373 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2000 жылғы 12 мамырдағы   
№ 392 Жарлығына       
2-ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары
офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Төраға

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-полковнигі

Төрағаның бірінші орынбасары

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Төрағаның орынбасары -
Шекара қызметінің директоры

- генерал-лейтенант

Төрағаның орынбасары -
«А» арнаулы мақсаттағы қызметінің
директоры

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -
Қарсы барлау қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -
Терроризмге қарсы қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -
Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Үкіметтік байланыс қызметінің директоры

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Қарсы барлау қызметі
Қарсы барлау операциялары
департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Терроризмге қарсы қызметтің Халықаралық
терроризмге және діни экстремизмге қарсы
күрес департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Терроризмге қарсы қызметтің Конституциялық құрылысты қорғау
департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Экономикалық қауіпсіздік қызметінің Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Әскери қарсы барлау департаментінің бастығы

- генерал-майор

Стратегиялық жоспарлау, бақылау және аудит департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Академия бастығы

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Шекара қызметі академиясының бастығы

- генерал-майор

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттер бастықтары

- ұлттық қауіпсіздік
  генерал-майоры

Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы

- генерал-майор

Шекара қызметі директорының орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететінді қоспағанда)

- генерал-майор

Шекара қызметі өңірлік басқармасының бастығы

- генерал-майор
  контр-адмирал