1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 367 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
      жинағында жариялануға тиіс  

      1970 жылғы 18 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасынан:
      Конвенцияның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) орталық орган ретінде;
      Конвенцияның 1516 және 17-баптарына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеусіз алуға рұқсат беруді ұйымдастыруға, Конвенцияның 18-бабына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеу тәртібімен алуға жәрдемдесуге уәкілетті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құзыретті орган ретінде айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев