Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 362 Жарлығы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 362 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар).

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары".

      4. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары".

      5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының министрлері, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Қазақстан Республикасы министрлерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары".

      6. Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.