Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығы.

Жаңартылған


Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған республикалық бюджетке 441 (төрт жүз қырық бір) миллиард 623 (алты жүз жиырма үш) миллион 946 (тоғыз жүз қырық алты) мың теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:

      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға – 143 (бір жүз қырық үш) миллиард 517 (бес жүз он жеті) миллион 339 (үш жүз отыз тоғыз) мың теңге;

      Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын реконструкциялау үшін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 3 (үш) миллиард 469 (төрт жүз алпыс тоғыз) миллион 905 (тоғыз жүз бес) мың теңге;

      Құрық портында паром кешенін салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 18 (он сегіз) миллиард 852 (сегіз жүз елу екі) миллион теңге;

      индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 7 (жеті) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) – 51 (елу бір) миллиард 663 (алты жүз алпыс үш) миллион 602 (алты жүз екі) мың теңге;

      жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 53 (елу үш) миллиард 710 (жеті жүз он) миллион 371 (үш жүз жетпіс бір) мың теңге;

      білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 68 (алпыс сегіз) миллиард 138 (бір жүз отыз сегіз) миллион 899 (сегіз жүз тоқсан тоғыз) мың теңге;

      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға – 10 (он) миллиард 739 (жеті жүз отыз тоғыз) миллион 215 (екі жүз он бес) мың теңге;

      өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды лизингтік қаржыландырумен қамтамасыз ету үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 20 (жиырма) миллиард теңге;

      отандық автоөндірушілерді қолдау үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беруге – 10 (он) миллиард теңге;

      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 10 (он) миллиард теңге;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 8 (сегіз) миллиард 561 (бес жүз алпыс бір) миллион 115 (бір жүз он бес) мың теңге;

      мектептерді сейсмикалық күшейтуге – 8 (сегіз) миллиард 271 (екі жүз жетпіс бір) миллион 500 (бес жүз) мың теңге;

      "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға – 1 (бір) миллиард теңге;

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға – 1 (бір) миллиард теңге;

      сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 25 (жиырма бес) миллиард теңге бөлінсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.11.2017 № 581 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион 148 (бір жүз қырық сегіз) миллиард 287 (екі жүз сексен жеті) миллион 307 (үш жүз жеті) мың теңге (2015 жылы 395 (үш жүз тоқсан бес) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге, 2016 жылы 752 (жеті жүз елу екі) миллиард 848 (сегіз жүз қырық сегіз) миллион 832 (сегіз жүз отыз екі) мың теңге) мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2016 жылы:

      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - -151 (бір жүз елу бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;

      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;

      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға- 17 (он жеті) миллиард теңге;

      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 89 (сексен тоғыз) миллиард 956 (тоғыз жүз елу алты) миллион 507 (бес жүз жеті) мың теңге;

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 402 (төрт жүз екі) миллион 608 (алты жүз сегіз) мың теңге;

      білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 57 (елу жеті) миллиард 371 (үш жүз жетпіс бір) миллион 837 (сегіз жүз отыз жеті) мың теңге;

      жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;

      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 12 (он екі) миллиард 332 (үш жүз отыз екі) миллион 643 (алты жүз қырық үш) мың теңге;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға - 87 (сексен жеті) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;

      "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін салу үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қарыз алу көлемін ұлғайту және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қорландыру үшін қосымша қаражат тарту үшін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 25 (жиырма бес) миллиард теңге;

      Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып-қону жолағын реконструкциялау үшін "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 60 (алпыс) миллиард 458 (төрт жүз елу сегіз) миллион 517 (бес жүз он жеті) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық шеңберінде 12000 (он екі мың) және 3000 (үш мың) орындық Мұз айдындарының құрылысын аяқтауға Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 10 (он) миллиард 908 (тоғыз жүз сегіз) миллион 407 (төрт жүз жеті) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге Алматы қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт бөлуге - 10 (он) миллиард 750 (жеті жүз елу) миллион 1 (бір) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада объектілері үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін салу мен реконструкциялау үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 4 (төрт) миллиард 398 (үш жүз тоқсан сегіз) миллион 22 (жиырма екі) мың теңге;

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 14 (он төрт) миллиард 565 (бес жүз алпыс бес) миллион 48 (қырық сегіз) мың теңге;

      "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер бөлуге - 62 (алпыс екі) миллиард 971 (тоғыз жүз жетпіс бір) миллион 641 (алты жүз қырық бір) мың теңге;

      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының салымшыларына өтемақы төлеуге - 18 (он сегіз) миллиард 733 (жеті жүз отыз үш) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;

      көрме контентін қалыптастыру, ІТ-инфрақұрылымын құру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары үшін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 60 (алпыс) миллиард теңге.".

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев