Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
2016 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен
ратификацияланған Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі
Баптарының 22, 33-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі - Банк) Басқарушылар кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілдері:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық
Уәлиханұлы Бишімбаев - басқарушы;
2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - басқарушының орынбасары болып тағайындалсын.
2. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша Банкпен байланысты қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының ұлттық валютадағы барлық қаражатының, сондай-ақ Банктің басқа да активтерінің депозитарийі ретінде тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Банкті хабардар етсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев