Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"құрамалар (шекара жасақтары, оның ішінде теңіз, шекаралық бақылау жасақтары, авиациялық базалар);";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен континенттік қайраң шегіндегі террористік көріністерге ден қояды;";
18-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерден басқа, нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |