Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 221 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі - Венеция комиссиясы) мүшесі;
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі Унзила Шапак Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалсын.
      2. «Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев