"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 95 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «АЭА-ның аумағы 595,01 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына алаңы 534,9 гектар «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі және алаңы 60,11 гектар № 1 «Кремний жазығы» қосалқы аймағы кіреді.».
      көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының
Президентінің     
2015 жылғы 2 қазандағы
№ 95 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасының
Президентінің     
2011 жылығы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен бекітілген
"Сарыарқа"      
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША      

«Сарыарқа»
арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары