Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 79 Жарлығы

Қолданыстағы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қызметінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығы;
      2) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 699 Жарлығы.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев