Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 971 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс 

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
      Ким                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
      Георгий Владимирович      Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Соловьева               - Қазақстан Республикасы Парламенті
      Айгүл Сағадибекқызы       Мәжілісінің депутаты (келісім
                                бойынша)
      енгізілсін;
      көрсетілген Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова, С. Ж. Жалмағамбетова шығарылсын.;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.»;
      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;»;
      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 971 Жарлығына      
ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2006 жылғы 1 ақпандағы
№ 56 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссияның
ҚҰРАМЫ

Әбдіхалықова                 - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы              Мемлекеттік хатшысы, төрайым

Сүлеймен                     - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Ләззат Жаңылысқызы             комиссиясының мүшесі, төраға
                               орынбасары (келісім бойынша)

Тарасенко                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Елена Ивановна                 Мәжілісінің депутаты, төраға
                               орынбасары (келісім бойынша)

Сыздықова                    - «Деловой мир Астана» жауапкершілігі
Шолпан Викторовна              шектеулі серіктестігінің директоры,
                               «Деловой мир» қазақстандық
                               экономикалық журналының бас редакторы,
                               хатшы (келісім бойынша)

Айтпаева                     - Қазақстан Республикасы Бас
Сәуле Мұханбедианқызы          прокуратурасының Құқықтық статистика
                               және арнайы есепке алу жөніндегі
                               комитетінің төрайымы

Әбілдина                     - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген
Қарақат Түлкібайқызы           әртісі (келісім бойынша)

Әбілқасымова                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мәдина Ерасылқызы              экономика вице-министрі

Азимова                      - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы          вице-министрі

Байқошқарова                 - «Экомед» адам ұрпағын өрбіту
Салтанат Берденқызы            емханасының жетекшісі (келісім
                               бойынша)

Бортник                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Михаил Михайлович              Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Ибрагимова                   - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
Ләззат Еркінқызы               акционерлік қоғамының басқарма
                               төрайымы (келісім бойынша)

Қалтаева                     - «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы»
Ләззат Молдабекқызы            қоғамдық бірлестігінің төрайымы
                               (келісім бойынша)

Құрманбаева                  - Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық
Шырын Асылханқызы              университетінің ректоры (келісім
                               бойынша)

Мүкей Айгүл                  - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық
                               компаниясының баспасөз хатшысы
                               (келісім бойынша)

Мұсақожаева                  - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы              ректоры (келісім бойынша)

Назарбаева                   - Қазақстан Республикасының Бірінші
Сара Алпысқызы                 Ханымы (келісім бойынша)

Нүкетаева                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Динар Жүсіпәліқызы             ғылым министрлігінің «Қазақ
                               мемлекеттік қыздар педагогикалық
                               университеті» республикалық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               ректоры (келісім бойынша)

Омарбекова                   - «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық
Жұлдыз Қажыкенқызы             қорының президенті (келісім бойынша)

Сәрсембаева                  - «Қазақстанның іскер әйелдері
Раушан Біргебайқызы            қауымдастығы» республикалық қоғамдық
                               бірлестігінің президенті (келісім
                               бойынша)

Тұтқышев                     - «Назарбаев Университетінің» біріккен
Бексұлтан Серікбайұлы          академиялық денсаулық сақтау жүйесі
                               департаментінің бас менеджері (келісім
                               бойынша)

Хайруллина                   - «Шығармашылық бастамашы әйелдер
Әсия Үкіқызы                   лигасы» қоғамдық бірлестігі
                               басқармасының төрайымы (келісім
                               бойынша)

Шәукенова                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Зарема Қаукенқызы              ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                               философия, саясаттану және дінтану
                               институтының директоры (келісім
                               бойынша)

Ықсанова                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлнар Мұстахимқызы            Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша)