Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 806 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жақсыбеков                    Қазақстан Республикасының
      Әділбек Рыскелдіұлы           Мемлекеттік хатшысы, төраға
      енгізілсін;

      «Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет және ақпарат министрі кіреді» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет министрі кіреді»;
      көрсетілген комиссияның құрамынан К.Қ.Мәсімов шығарылсын.
      2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат):
      4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:
      Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда;
      халықаралық қарым-қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
      3) мыналардың:
      қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөнінде;
      мәдениет және спорт мәселелері жөнінде;
      Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:
      Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін үйлестіреді;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев