Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық

      инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес туралы ереже;

      2) Кеңестің лауазымдық құрамы бекітілсін.

      3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы

      Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 791 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық

      инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

      4. Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) мына:

      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

      нарықтық экономиканың дамуын және отандық инвестицияларды ел экономикасына тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік

      субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;

      3) кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңесті қалыптастыру мен оның қызметін ұйымдастыру

      6. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып

      табылады.

      7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 26.02.2019 № 862 Жарлығымен.

      8. Кеңестің құрамы мемлекеттік емес ұйымдардың тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата) төралқасының мүшелері, компаниялардың бірінші басқарушылары немесе олардың орынбасарларынан қалыптастырылады.

      9. Кеңестің лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      10. Кеңес мүшелері оның отырысына ауысу құқығынсыз қатысады.

      11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңес төрағасының бастамасы бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.09.2017 № 540 Жарлығымен.

      12. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы.

      13. Жалпы отырыстың негізгі тақырыбын, өткізілетін күні мен орнын Кеңес төрағасы айқындайды.

      14. Жалпы отырыстардың күн тәртібіне негізі тақырыптан басқа тұрақты негізінде Кеңестің алдыңғы жалпы отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау туралы мәселе енгізіледі.

      15. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.

      16. Аралық отырыстарда алдыңғы жалпы отырыстың шешімдерін

      орындаудың қорытындылары, кәсіпкерлердің ағымдағы проблемалары,

      Кеңестің жұмыс топтары тұжырымдаған ұсыныстар талқыланады.

      17. Кеңестің жұмыс топтарының тең төрағалары аталған ұсынымдарды мәлімдейді және талқылау қорытындысы бойынша Кеңестің аралық отырысының хаттамасын және Кеңестің кезекті жалпы отырысының қарауына енгізілетін ұсынымдардың бірыңғай тізбесін дайындауда ескеріледі.

      18. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарына басшының

      орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі

      мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдері шақырылуы мүмкін.

      19. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы

      санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе

      бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      20. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      21. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары

      бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

      22. Кеңестің жұмыс органы:

      1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде жалпы және аралық отырыстардың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

      2) Кеңестің жалпы және аралық отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;

      6) Кеңестің қызметіне қатысты құжаттардың жобаларын әзірлейді.

4. Кеңестің жұмыс топтары

      23. Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімімен мынадай бағыттар бойынша Кеңестің жеті жұмыс тобы құрылады:

      1) кеден және салық саясаты;

      2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары мен құралдарын іске асыру;

      3) сауда-тариф саясаты;

      4) Еуразиялық экономикалық одақ, Кеден одағы және Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      5) әкімшілік кедергілерді қысқарту мен кәсіпкерлік саласындағы

      заңнаманы жетілдіру;

      6) өңіраралық және салааралық кооперация дамыту;

      7) мемлекеттік сатып алуда, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында, квазимемлекеттік сектордың отандық өндіріс тауарларын сатып алуында ішкі сұранысты арттыру.

      24. Жұмыс топтары өз қызметінде Қазақстан Республикасының

      Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      25. Жұмыс топтары жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:

      мемлекеттік органдармен, республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен шағын және орта кәсіпкерлік саласында өзара іс-қимыл жасауға;

      басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдерін шақырылуы мүмкін;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жұмыс топтардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

      26. Кеңестің жұмыс топтарының қызметіне жалпы басшылық жасауды

      мемлекеттік органдардан және Ұлттық палатадан сайланған тең төрағалары жүзеге асырады.

      Министрлік немесе ведомство басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі лауазымды адам жұмыс тобының мемлекеттік органнан тең төрағасы бола алады.

      Төралқаның тиісті комитетінің төрағасы жұмыс тобының Ұлттық палатадан тең төрағасы бола алады.

      27. Жұмыс топтарының отырыстары қажет болған жағдайларда, бірақ тоқсанда бір реттен сирек өткізілмейді.

      28. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда, тең төрағалардың шақыруымен жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

      29. Кеңестің іс-шаралар жоспарлары мен жұмыс топтарының құрамдарын жұмыс топтарының тең төрағалары бекітеді.

      30. Жұмыс топтарының тең төрағалары іс-шаралар жоспарының

      орындалуы туралы есепті қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді және жылына бір рет Кеңестің жалпы отырысында баяндайды.

      31. Кеңестің жұмыс топтарының құрамына мемлекеттік органдардың,

      кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші

      субъектілердің өкілдері кіре алады.

      32. Жұмыс топтары Кеңеске бірыңғай ұсынымдар тізбесінде ресімделетін, Кеңестің аралық отырыстарында алдын ала талқыланатын, Кеңестің жалпы отырыстарында қаралатын және хаттамамен бекітілетін ұсыныстар шығарады.

      33. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу ауысу құқығынсыз жүзеге асырылады.

5. Кеңестің қызметін тоқтату

      34. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 791 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесінің
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911; 26.02.2019 № 862 Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 791 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 121 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 166-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 321 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 145-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 қазандағы № 428 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 463-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығы 1-тармағының 14) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығы 1-тармағының 9) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне

      толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 817 Жарлығы 1-тармағының 1) тармақшасы

      (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 249-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 987 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 252-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына

      өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 204 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 189-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1131-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).