"Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және "Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 776 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.02.2016 № 190 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін.»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдардың статистикалық деректер негізінде, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпініне талдау жүргізуін қамтамасыз етсін.».
      2. «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев