"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 771 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат; № 68, 976-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 21, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      4-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау кезіндегі коммерциялық емес ұйымдардың ақпараты;»;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми ақпарат көздерінен алынатын өзге де ақпарат.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.»;
      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Бағаланатын мемлекеттік органдар бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жыл сайын бағалау жүргізу кестесінде бекітілетін мерзімдерде, бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіпте мұның алдындағы жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат ұсынады.
      51. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалған, бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексеру бойынша кешенді ұйымдастыру шараларын қабылдауға міндетті.
      Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      53-тармақ алып тасталсын;
      57-тармақтағы «үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді)» деген сөздер «коммерциялық емес ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      62-1-тармақтағы «орталық атқарушы» деген сөздер «бағаланатын мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      66-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы қорытындылары шағымдануға жатпайды.»;
      71-тармақтағы «саяси мемлекеттік қызметшілері» деген сөздер  «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері тиімділікті бағалау рәсімдері мен нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікті бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.»;
      3) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі»;
      «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев