Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат; 2013 ж., № 19, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |