"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 705 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2014.12.05 № 973 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізілсін:

Жақсалиев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы     жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы,

Бишімбаев                  - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қуандық Уәлиханұлы           акционерлік қоғамы басқармасының
                             төрағасы (келісім бойынша),

Орынбаев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы            көмекшісі;

Сәрінжіпов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы               ғылым министрі,

      мына:

«Төлеушин                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қаныш Аманбайұлы            жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы,

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Төлеушин                  - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қаныш Аманбайұлы             акционерлік қоғамының басқарушы
                             директоры - басқарма мүшесі (келісім
                             бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Б.Т. Жұмағұлов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев