ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 21 қарашадағы
№ 697 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат.):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының әкімдерін қоспағанда, тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген «А» корпусының қызметшілеріне қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен Ар-намыс кодексiн қоспағанда, тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының әкімдеріне қатысты тәртiптiк iстердi облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен Ар-намыс кодексi нормаларын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-G-1 санаттарындағы қызметшілерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері (бұдан әрі – Тәртіптік кеңес) қарайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адамға, тікелей басшыға не басқа лауазымды адамдарға осы Қағидалардың 5, 5-1, 6, және 7-тармақтарында көрсетілген қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары туралы мәліметтер белгілі болған жағдайда құзыретіне сәйкес Ұлттық комиссияға, Уәкiлеттi органның комиссиясына, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Тәртіптік кеңеске дереу жолдауына жатады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адам Ұлттық комиссияның, Уәкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тәртіптік кеңестің ұсынымдары мен материалдарын қараған кезде қызметтік тексерулер жүргізілмейді.
Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адам Ұлттық комиссияның, Уәкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тәртіптік кеңестің ұсынымына сәйкес он жұмыс күні ішінде тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы Ұлттық комиссияға, Уәкiлеттi органның комиссиясына, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Тәртіптік кеңеске үш жұмыс күні ішінде хабарланады.»;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. Осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетiлген қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылық жасау фактілері бойынша қызметтiк тексерулер осы Қағидаларда белгiленген мерзімде және тәртiпте Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен тағайындалады.
Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы қызметтік тексеру жүргізуді құзыреттеріне сәйкес тиісті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға, қызметтік тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Өңірлік кадр комиссиясы жұмыс органының өкілін енгізе отырып, тапсыруы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
«30-1. Осы Қағидалардың 5, 5-1 және 6-тармақтарында көрсетiлген қызметшiлер жазбаша түсiнiктемелерiнде терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, олардың тәртiптiк терiс қылық жасау фактілері бойынша қызметтiк тексерулер тағайындалмауы мүмкін.
Бұл жағдайда қызметшілерге қатысты материалдар Ұлттық комиссия төрағасының, уәкiлеттi орган басшысының, Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адамға қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану үшін жолдануы мүмкін.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Ұлттық комиссия, Уәкiлеттi органның комиссиясы, Өңірлік кадр комиссиясы, Тәртіптік кеңес немесе Комиссия терiс қылық туралы материалдарды қарағанға дейiн персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар қызметшiден жазбаша түсiнiктеме талап етеді.
34. Өзіне қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы қызметтiк тексеру материалдарын Ұлттық комиссияның, Уәкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының, Тәртіптік кеңестің, Комиссияның қарауына жiберуге және жаза қолдану туралы шешiм қабылдауға кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) қызметкерi не уәкiлеттi лауазымды адамдар жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.»;
58-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Ұлттық комиссияның, Уәкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тәртіптік кеңестің ұсынымы бойынша жаза қолданылған жағдайда, жазаны мерзiмiнен бұрын алу Ұлттық комиссияның, Уәкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тәртіптік кеңестің келiсiмiмен жүргiзiледi.».
2. «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Президенті актілерінде өзге мерзім белгіленбесе, ол адаммен төрт жыл мерзімге, аталған мерзімге бір реттен артық емес ұзарту мүмкіндігімен еңбек шарты жасалады. Еңбек шарты осы Ережеге қосымшаға сәйкес үлгілік еңбек шартының негізінде жасалады.»;
13-тармақта:
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек шартының мерзімі аяқталуынан кемінде төрт ай бұрын мерзімде лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам (орган) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартының мерзімін ұзарту, еңбек шартын бұзу туралы негізделген ұсыныс не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін ротациялау туралы ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің мемлекеттік қызметті одан әрі өткеруі туралы не оның мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы ұсыным шығарады. Ұлттық комиссия көрсетілген өкілеттіктерді лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамға (органға) беруге құқылы.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларымен еңбек қатынастарын ұзарту, оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мәселелерді шешуді Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 47, 48 және 49-тармақтармен толықтырылсын:
«47. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі лауазымдарына тағайындалғанын және (немесе) аталған лауазымдардан босатылғанын растайтын құжаттар көшірмелері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға лауазымға тағайындалған және (немесе) лауазымнан босатылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
48. «А» корпусының бос және уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап екі ай ішінде оған орналасу жүзеге асырылмаса, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бос лауазымның болу себептері туралы Ұлттық комиссияға ақпарат енгізеді.
49. Мемлекеттік қызметші конкурстық іріктеу, ауысу тәртібімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша мемлекеттік лауазымнан босатыла отырып, бір мезгілде басқа мемлекеттік лауазымға орналасқан жағдайда, ол мемлекеттік қызметке қайтадан кірген деп саналмайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бұл жағдайларда мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері, оның ішінде арнайы тексеруден өту, табыстар және мүлік туралы декларацияны тапсыру қолданылмайды.».
3. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 377-құжат):
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. «А» корпусының жаңа мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын енгізу немесе олардың санын ұлғайту туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келіссін.».
4. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мәліметтердің мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді.
Мониторинг қорытындылары бойынша ақпарат есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізіледі.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «А» корпусының кадр резервіне алынған;»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. «А» корпусының кадр резервiне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынуы мүмкін.
«Б» корпусының кадр резервіне көрсетілген азаматтарды алу мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті өтініш берген соң жүзеге асырылады.
«А» корпусының кадр резервінде болу кезеңінде азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне тестілеусіз бір реттен артық алынбайды. Азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде көзделген өзге жағдайларда «Б» корпусының кадр резервіне алыну құқығы сақталады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органды немесе оның аумақтық органын резервшілер тізімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.»;
43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Б» корпусының кадр резервінен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасқан;».
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тәртiптiк кеңес тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзуға жол берген, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар және қалалардағы аудандар әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-G-1 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлетті өзге де адамдарға (Парламент және мәслихат депутаттарынан, судьялардан басқа) және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.».
6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін.
Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға және сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды.
Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.
Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзушылықтарды қоспағанда, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар мен қалалардағы аудандар әкімдеріне қатысты тәртіптік істерді қарау;».
7. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымы) конкурстық іріктеуді «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар арасынан осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) жүзеге асырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарына орналасу қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескерілген Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, екі жылда бір реттен жиі өткізілмейді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған не заңнамада белгіленген өзге де тәртіппен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;
5) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;
6) өмірбаян;
7) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы Қағидалардың 11-тармағы 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, кандидатты «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттар «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қолма-қол, почтамен немесе электрондық почта арқылы қабылданады.»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағының және 13-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды.
18. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тестілеуге жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға кандидат тиісінше хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
Осы Қағидаларда тиісінше хабарландыру деп адамның өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхатпен беру арқылы хат, тапсырыс хат немесе жеделхат табыстап, хабарландыру түсініледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тізбе негізінде тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрату жолдайды, олар Ұлттық комиссия белгілеген мерзімдер ішінде мәліметтер ұсынады.
25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, егер Ұлттық комиссия өзгеше белгілемесе, осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардан мәліметтерді алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына тестілеуден оң нәтижелер алған кандидаттардың тізімін жолдайды.
Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тестілеу нәтижелері және осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалатын өзге де мәліметтер қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Ұлттық комиссия ұсынған азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады.
Ұлттық комиссия азаматтарды олардың келісімі болған және олар арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға құқылы.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. «А» корпусының бос және уақытша бос лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар адам (орган), не ол уәкілеттік берген адам өткізеді.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың (бұдан әрі – «А» корпусының резервшілері) тізімін және олардың білімі, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы, кадр резервіне алыну сәтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
«39-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.
«А» корпусының резервшілері «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы төменгі тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.
«А» корпусының резервшілері Ұлттық комиссияның келісімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы жоғары тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. «А» корпусының лауазымына тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.
«А» корпусының лауазымына тағайындауды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.».