Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан:
      Астана-Алматы автомобиль жолының Астана-Қарағанды, Алматы-Қапшағай учаскелерін салуға;
      Астана-Павлодар автомобиль жолын салуға;
      «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салуға;
      ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындыққа;
      Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 150 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт бөлінсін.
      2. Кейінгі жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру сыртқы қарыз қаражаттарын тарта отырып негізінен мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                              Н.Назарбаев