Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 587 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатыстырылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жедел басқаратын тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады.
      2. Республикалық деңгейде терроризмге қарсы күрес жөніндегі
республикалық жедел штаб жұмыс істейді.
      3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде өз қызметі бойынша республикалық жедел штабқа бағынысты облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары жұмыс істейді.
      4. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясыконституциялық заңдарызаңдарыҚазақстан Республикасы Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      5. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының негізгі міндеттері:
      1) терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша күштер мен құралдарды қолдау және дайындығын дамыту үшін жағдай жасау;
      2) терроризм актісінің жолын кесу, жедел медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық қолдау, апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу болып табылады.
      6. Негізгі міндеттерге сәйкес республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарына мынадай функциялар жүктеледі:
      1) терроризм актісінің жолын кесу бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі мен өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын практикалық
қолдану мәселелерін пысықтау бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар
мен жаттықтыруларды дайындау және өткізу;
      3) террористік көріністерге ден қою бойынша күштер мен құралдардың дайындығын бағалау үшін қажетті ақпараттарды жинау мен талдауды ұйымдастыру;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында терроризмге қарсы операцияны өткізу тәртібі, соның ішінде терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңінде құқықтық режимді енгізу туралы шешім тұжырымдау;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізуді басқару.
      7. Негізгі функцияларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары:
      1) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарынан, лауазымды адамдар мен ұйымдардан терроризмге қарсы іс-
қимыл саласында қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) терроризм актісінің жолын кесу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жоюға қажетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын терроризмге қарсы операцияны өткізуге қатысуға тартуға;
      3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес шетел мемлекеттерінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін тартуға;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және жеке адамдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      5) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес терроризмге қарсы операция өткізу кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауға құқылы.
      8. Қажет болған жағдайда республикалық жедел штаб басшысы Қазақстан Республикасы Президентіне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін терроризм актісінің жолын кесуге тарту мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді.

3. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының құрамы

      9. Республикалық жедел штабтың басшысы Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып табылады.
      Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде республикалық жедел штабқа басшылық етуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы оның бірінші орынбасары болады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
      10. Республикалық жедел штабтың тұрақты мүшелері мыналар болып
табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (басшының орынбасары);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (басшының орынбасары);
      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
      5) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
      6) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі.
      Республикалық жедел штаб басшысының шешімі бойынша штабтың құрамына өзге де мемлекеттік органдардың басшылары енгізілуі мүмкін.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
      11. Өзінің құзыретіне сәйкес қабылданған республикалық жедел штабтың шешімі оның құрамына және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының құрамына өкілдері кіретін барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болып табылады.
      12. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары жүзеге асырады.
      Күзетілетін тұлғалардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар немесе олардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан тағайындайды.
      Күзетілетін тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша облыстық, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының орынбасары күзетілетін тұлғаны алып жүретін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жоғары лауазымды адамы болып табылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
      13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының тұрақты
мүшелері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесінің бастығы (штаб басшысының орынбасары);
      2) Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бастығы;
      3) жоғары тұрған қолбасшылықтың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері гарнизонының бастығы;
      4) жоғары тұрған қолбасшылықтың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері әскери бөлімінің командирі;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің бірінші орынбасары;
      6) Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру және байланыс мәселесі жөніндегі аумақтық бөлімшесінің басшысы.
       Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының шешімі бойынша штабтың құрамына өзге де мемлекеттік органдардың басшылары енгізілуі мүмкін.
      14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жедел штабтары өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімі олардың құрамына өкілдері кіретін барлық мемлекеттік орган үшін міндетті.
      15. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарын өз жұмыс жоспарларында көзделген терроризмге қарсы оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларды үйлестіру, өзара іс-қимылдарды жетілдіру, өткізу мәселелерін әзірлеу үшін олардың басшылары шақыруы мүмкін.
      Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары қабылдайтын шешімдер оған оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
      16. Жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды құру тәртібі, терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға өз құзыреті шегінде қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

4. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының қызметін ұйымдастыру

      17. Терроризмге қарсы операцияны өткізуге тартылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысы терроризмге қарсы операцияны өткізудің үлгілік ведомствоаралық жоспарын бекітеді. Жоспарда мыналар көзделеді:
      1) тартылатын күштер мен құралдардың есебі, атауы, саны, орналасуы, жедел топтардың қарулануы және техникалық жабдықталуы, олардың басшылары тағайындалады;
      2) терроризмге қарсы операцияға қатысушыларды хабарландыру схемасы, жиынның бастапқы орны және жедел штаб пен оның жедел топтарының орналасуы;
      3) өзге де мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысу дәрежесі;
      4) терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізудің жалпы тетігі.
      Жоспардың іс-шаралары түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелер өткізу арқылы әзірленіп, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен регламенттеледі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
      18. Қоғамдық қауіп-қатердің ауқымы мен дәрежесіне, терроризм актісінің күтілетін теріс салдарына байланысты терроризмге қарсы операцияға басшылықты республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабының басшысы жүзеге асырады.
      Аудандағы терроризмге қарсы операцияны басқаруды облыстық жедел штаб күштері мен құралдары келгеннен және өрістетілгеннен кейін жоғары тұрған жедел штаб басшысы жүзеге асырады.
      19. Республикалық жедел штаб терроризмге қарсы операцияны өткізген кезде оның жұмыс тобы қызметке кіріседі.
      Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Топқа Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының бастығы жетекшілік етеді. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс тобы терроризм актісін дайындауға немесе оны жасауға байланысты жедел жағдайды талдауды, оның одан әрі дамуын болжауды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
      20. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтары республикалық жедел штаб басшысының келісімі бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізеді.
      21. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабтарының басшысы өткізілетін терроризмге қарсы операцияның басталуынан бастап ол аяқталғанға дейін оны өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандары үшін басшы және бастық болады.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының басшысы терроризмге қарсы операцияға тартылатын шетел мемлекеттерінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің мамандары үшін бастық болады.
      22. Атқаратын лауазымына қарамастан басқа лауазымды адамның
терроризмге қарсы операцияны жедел басқаруға заңсыз араласуына жол
берілмейді.
      23. Облыстық жедел штабтың күштері мен құралдары келгенге және өрістетілгенге дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтары бірінші кезектегі шаралар шеңберінде терроризмге қарсы операцияны өткізеді. Терроризмге қарсы операцияны одан әрі өткізуді жоғары тұрған жедел штабтың басшысы тиісті бұйрық шығарған соң жүзеге асырады.
      Облыстық жедел штабтың дер кезінде келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның басшысы республикалық жедел штабтың келісімі бойынша терроризмге қарсы операция өткізіліп жатқан ауданмен (облыстық маңызы бар қаламен) шекаралас жатқан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының күштері мен құралдарын жібереді.
      24. Терроризмге қарсы операцияны өткізу жоспары бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органы қызметке кіріседі.
      25. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының басшысы терроризмге қарсы операция өткізген кезде:
      1) терроризмге қарсы операцияны өткізудің басталуы мен аяқталуын хабарлау, республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының персонал құрамын айқындау және терроризмге қарсы операцияның үлгілік жоспарына сәйкес тартылатын жедел топтар туралы, күштер мен құралдарды пайдалану шектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақты қолдану тәртібі туралы;
      2) терроризмге қарсы операция өткізу аймағын айқындау туралы;
      3) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес терроризмге қарсы операция өткізу аймағына құқықтық режимді енгізу туралы;
      4) кепілдегі адамдарды босату және террористерді залалсыздандыру бойынша операция өткізу туралы бұйрықтар шығарады. Әртүрлі қуатты ведомстволардың арнаулы мақсаттағы бірнеше бөлімшелерін бірлескен жедел-жауынгерлік қолдану кезінде арнаулы мақсаттағы бөлімше басшыларының бірін жиынтық тактикалық топтың командирі етіп тағайындайды.
      26. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарында іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары алға қойылған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталады.
      27. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының ұйымдастырушылық іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті жедел штабтардың құрамына лауазымды адамдары енгізілген мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.
      28. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының іс-қимылдарын ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары жүзеге асырады.