Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық
мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) құратын болсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Мекеменің директорын Қазақстан Республикасының Президенті
қызметке тағайындайды және қызметінен босатады деп белгіленсін.
3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайының директоры |
Президент |
Президент Кеңсесінің бастығы |
Әкімшілік Басшысы |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры |
Президент |
Мәдениет және ақпарат министрі |
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
».
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев