"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 556 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс 

      Қазақстанның опера және балет өнерін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
      1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес
акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құратын болсын;
      2) қоғам жанында Қамқоршылық кеңес құратын болсын;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қоғамның басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.
      3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:

«

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары

Президент

министрлер

Премьер- Министр, Әкімшілік Басшы

»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет және ақпарат министрі

Премьер- Министр, Әкімшілік Басшысы

»;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      22-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әкімдердің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және олардың құрамына кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы.».
      4. Осы Жарлық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев