"Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 67 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы N 442 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат; 2011 ж., № 26, 301-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Астана қаласының әкімі:
      1) Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарын Астана қаласын дамытудың бағдарламалары шеңберінде көздесін;
      2) Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жыл қорытындысы бойынша 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл қорытындылары бойынша 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев