ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау  мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 436 Жарлығына   
ҚОСЫМША      

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен
оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Серік Нығметұлы           төраға

Келімбетов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы           орынбасары, төраға орынбасары

Тасмағамбетов           - Астана қаласының әкімі, төраға орынбасары
Иманғали Нұрғалиұлы

      комиссия мүшелері:

Досаев                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы       және сауда министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Асқар Қуанышұлы           коммуникация министрі

Ыдырысов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы        министрі

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары - Қазақстан Республикасы
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Қаппаров                - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Нұрлан Жамбылұлы          қорғау министрі

Мыңбай                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы        ақпарат министрі

Нокин                   - Қазақстан Республикасы Тұрғын үй және
Серік Кеңесұлы            коммуналдық-шаруашылық істері агенттігінің
                          төрағасы

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы         Әкімшілігі Басшысының орынбасары