"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 430 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат; 2012 ж., № 40, 520-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару» 5-бөлімінің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қордың активтерін орналастыру шетелдік қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен материалдық емес активтерді қоспағанда, Рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне қосылған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте шектеулер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімімен қабылданған, Ұлттық қор активтерінің құрылымында ескерілетін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев