"Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 414 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 1995 ж., № 41, 510-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті байрағының сипаттамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 414 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2736 Жарлығына 
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президенті байрағының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республикасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген.
      Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.
      Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі суретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.
      Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.