Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 344 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 344 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 14. 408-құжат):
      аталған Жарлыққа 1 қосымшада:
      мына:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі                               215
Соның ішінде аумақтық органдар                        173»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын;
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі                               292
оның ішінде аумақтық органдар                         237».
      2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; № 15, 149-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 37, 508-құжат; 2009 ж., № 56, 468-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды және персоналды басқарудың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
      9-2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асырады;»;
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басшылық
      Инспекция және бақылау бөлімі
      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
      Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімі
      Жоспарлау және сыртқы байланыстар бөлімі
      Әкімшілік жұмыс бөлімі».
      3. «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына («Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат ; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат, 2005 ж, № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      «Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары».
      4. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат: № 21, 265-құжат; 2005 ж.,№ 29, 362-құжат; 2006 ж. № 23, 229-құжат; 2007 ж, № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасы

Әкімшілік Басшысы»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы»;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      23-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы;»;
      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
      «24. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.».
      5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 № 27, 329-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., №37, 438-құжат):

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ "ҚБПҮ" грифімен берілгендіктен "Заң" деректер базасына енгізілмейді.
      6. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж, № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      «В санаттарының тобы» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «В санаттарының тобы
      Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (орталық аппараты)»;
      В санаттарының тобында:
      В-4 санатында:
      «Президенттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Президенттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі».