Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 283 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы қоса берілген Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі - Венеция комиссиясы) Жарғысына қосылсын.

      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 28.03.2016 № 221 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев