Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 және "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 267 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
      «4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген бөлімде:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрі,     14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару
      Қаржы министрі            жүйесінің, кеден және салық
                                органдары, сондай-ақ ішкі істер
                                органдары жедел бөлімшелерінің
                                кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын
                                мәліметтер.»;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев