Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 107-құжат; 2005 ж., № 2, 10-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгерістер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.».
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев