"Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 257 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат, 2010 ж., № 38, 324-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелерінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      Ереже Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев