Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 1138 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылсын.
      2. "Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 355 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., 22, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев