"Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 199 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
      "

5.

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (Ассамблея стратегиясы)

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2012 жылғы 1 наурызға дейін

2012 - 2019 жылдар

2012 жылғы 1 сәуірге дейін

                                                                  ".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев