Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 169 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік шекараны күзету тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 17 қаңтардағы № 2786 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 238-құжат; 1999 ж., № 54, 533-құжат);
      2) құпия.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 5-тармағы 2) тармақшасындағы екінші абзацы алып тасталсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев