"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс        

      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 164 Жарлығына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
1998 жылғы 20 қаңтардағы
      № 3827 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің
тізбесі

1.

Геолог күні

-

сәуірдің бірінші жексенбісі

2.

Ғылым қызметкерлері күні

-

12 сәуір

3.

Отан қорғаушы күні

-

7 мамыр

4.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

-

31 мамыр

5.

Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

-

мамырдың соңғы жексенбісі

6.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

-

4 маусым

7.

Эколог күні

-

5 маусым

8.

Қаржы полициясы күні

-

6 маусым

9.

Полиция күні

-

23 маусым

10.

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

-

маусымның екінші жексенбісі

11.

Медицина қызметкері күні

-

маусымның үшінші жексенбісі

12.

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

-

28 маусым

13.

Дипломатиялық қызмет күні

-

2 шілде

14.

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні

-

13 шілде

15.

Металлург күні

-

шілденің үшінші жексенбісі

16.

Көлік қызметкерлері күні

-

тамыздың бірінші жексенбісі

17.

Құрылысшы күні

-

тамыздың екінші жексенбісі

18.

Спорт күні

-

тамыздың үшінші жексенбісі

19.

Шахтер күні

-

тамыздың соңғы жексенбісі

20.

Білім күні

-

1 қыркүйек

21.

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

-

қыркүйектің бірінші жексенбісі

22.

Қазақстан халқы тілдерінің күні

-

қыркүйектің үшінші жексенбісі

23.

Атом саласының қызметкерлерінің күні

-

28 қыркүйек

24.

Әділет органдары қызметкерлерінің күні

-

30 қыркүйек

25.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

-

қыркүйектің соңғы жексенбісі

26.

Машина жасаушы күні

-

қыркүйектің соңғы жексенбісі

27.

Мұғалім күні

-

қазанның бірінші жексенбісі

28.

Құтқарушы күні

-

19 қазан

29.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

-

қазанның соңғы жексенбісі

30.

Статистика күні

-

8 қараша

31.

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі

-

15 қараша

32.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

-

қарашаның үшінші жексенбісі

33.

Прокуратура күні

-

6 желтоқсан

34.

Кеден органдары қызметкерлерінің күні

-

12 желтоқсан

35.

Энергетик күні

-

желтоқсанның үшінші жексенбісі