Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 43, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:
8-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан бекітілген жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзі белгілеген мерзімде алады;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының тиісті мамандарын (олармен келісе отырып), сондай-ақ республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;»:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
«23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырады және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекітеді;
23-3) Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
23-4) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді;»;
21-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21-4. Есеп комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет Есеп комитетінің жұмысы туралы есеп, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпарат береді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев