"2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 125 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 64-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
      реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 97-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
      Ескертпеде:
      «ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» және «АӨҚО - Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

Ермегияев                    - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы            және спорт министрі,

Мұсаханов                    - Алматы облысының әкімі
Анзар Тұрсынханұлы

енгізілсін;
      мына:

«Саудабаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы              хатшысы - Сыртқы істер министрі,
                               Комиссия төрағасы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Саудабаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы              хатшысы, Комиссия төрағасы»;

      көрсетілген Комиссия құрамынан Т.М.Досмұхамбетов, С.Ә.Үмбетов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев