Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты;
2) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 5 шілдедегі
№ 116 Жарлығымен
бекітілген
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.
3. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға (бұдан әрі – АТҚ) жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 198-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың жүгінуі бойынша тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі болып табылады.
6. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті ұсыныспен шыққан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушылар) үшін жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – бес жұмыс күні ішінде.
Тауар үлгісін ұсынған кезде – тауар үлгісін ұсынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут;
3) қорытындыны алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін электрондық сұрату және басқа мерзімдер көзделмеген.
8. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
9. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерге алдын ала жазылу жүргізілмейді. Жедел қызмет көрсету көзделмеген.
10. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Күту орындарда мүмкіндіктері шектеулі жарымжан адамдар үшін жағдай жасау көзделген, күтуге арналған орындықтар және ақпараттық стенд орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Қорытынды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тауардың құрылымдық ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
2) техникалық зерттеуге жататын тауардың техникалық құжаттамасы немесе тауардың үлгісі;
3) тауарды жеткізу келісімшарттарының (шарттардың) көшірмелері (бар болған кезде);
4) өкілдің өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген құжат (құжаттарды өкіл ұсынған жағдайда).
12. Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы тауар үлгісін ұсынады.
13. Белгіленген үлгідегі өтініш ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға осы Стандарттың 1-қосымшасында аталған ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.
14. Осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттарды қабылдауды лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні белгіленген талон (бұдан әрі – талон) беріледі. Талон нысаны осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
16. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Өкілдің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар ұсынылмағанда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша тауар үлгісі ұсынылмаған жағдайда қорытынды берілмейді.
Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Лицензиялау органның қорытынды беру жөніндегі қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті уақытында көрсету;
4) сыпайылық;
5) барынша толық ақпарат беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы;
7) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мағынасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz «Маңызды сілтемелер» бөлімінде, сондай-ақ осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Шағым дайындауға ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар 8 (7172) 32-50-50 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.
22. Тұтынушылар ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-іне шағымдануға құқылы. Шағымның нысаны – ҰҚК органы басшысының атына осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген жазбаша өтініш.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ҰҚК уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселесінің шешімімен келіспеген жағдайда тұтынушылар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК-нің қабылдау бөлмесіне немесе аумақтық органдардың кезекшілік қызметтеріне шағымдана алады.
24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
25. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі Осы Стандарттың 15-тармағында көзделген талонды көрсетуі қажет.
26. Тұтынушылардың шағымдарын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе аумақтық органның кезекшілік қызметінде тіркелген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады немесе жеке өзіне табыс етіледі. Шағымды қарау барысы туралы тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесінен және аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінен біле алады.
27. ҰҚК және ҰҚК аумақтық органдарының байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
ҰҚК қабылдау бөлмесінің және аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің жұмыс кестесі:
жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері.
«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
1-қосымша
Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері
№ |
Орган атауы |
Орналасқан мекенжайы |
1. |
Лицензиялау органы |
Астана қаласы, Оң жағалау, Желтоқсан көшесі, 8-үй. |
2. |
Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімше |
Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 108-үй. |
3. |
Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155-үй. |
4. |
Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70-үй. |
5. |
Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25-үй. |
6. |
Атырау облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20 «А» үй. |
7. |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15-үй. |
8. |
Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7-үй. |
9. |
Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24-үй. |
10. |
Қарағанды облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 17-үй. |
11. |
Қостанай облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77-үй. |
12. |
Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қызылорда қаласы, Қонаев тұйық көшесі, 1-үй. |
13. |
Маңғыстау облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3-үй. |
14. |
Павлодар облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 24-үй. |
15. |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Петропавл қаласы, Сүтішев көшесі, 54-үй. |
16. |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36-үй. |
ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдар кезекшілік
қызметтерінің байланыс деректері
№ |
Атаулары |
Орналасқан мекенжайы |
1. |
ҰҚК |
Астана қаласы, Сол жағалау, Түркістан көшесі, 8/1 үй. |
2. |
ҰҚК Алматы қаласы бойынша аумақтық орган |
Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 275-а үй. |
3. |
ҰҚК Ақмола облысы бойынша аумақтық орган |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155-үй. |
4. |
ҰҚК Алматы облысы бойынша аумақтық орган |
Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70-үй. |
5. |
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша аумақтық орган |
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25-үй. |
6. |
ҰҚК Атырау облысы бойынша аумақтық орган |
Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 «А» үй. |
7. |
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15-үй. |
8. |
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша аумақтық орган |
Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7-үй. |
9. |
ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24-үй. |
10. |
ҰҚК Қарағанды облысы бойынша аумақтық орган |
Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 17-үй. |
11. |
ҰҚК Қостанай облысы бойынша аумақтық орган |
Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77-үй. |
12. |
ҰҚК Қызылорда облысы бойынша аумақтық орган |
Қызылорда қаласы, Қонаев тұйық көшесі, 1-үй. |
13. |
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша аумақтық орган |
Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3-үй. |
14. |
ҰҚК Павлодар облысы бойынша аумақтық орган |
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 24-үй. |
15. |
ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Петропавл қаласы, Сүтішев көшесі, 54-үй. |
16. |
ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36-үй. |
«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН
Кіріс № _______________ құжатты қабылдағаны туралы
Мемлекеттік қызмет көрсетуді беру күні ___________
Құжатты қабылдаған: ______________________________
(ҰҚК қызметкерінің аты-жөні)
__________________________________________________
(қолы)
20 __ жылғы «__» _________________________________
Байланыс телефондары: ____________________________
«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылығы | |||
---|---|---|---|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну жағдайларының % (үлесі) |
|||
2. Сапасы | |||
2.1. қызмет көрсетуді ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік | |||
3.1. қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызмет көрсетулерінің % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық | |||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
4-қосымша
_________________________
_________________________
_________________________
(ҰҚК органының бастығына)
________________________,
шағым беруші
_________________________
мекенжайы
тел._____________________
№_______________ төлқұжат
Шағым
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес
________________________________________________________________

_______________________________________________________ сұраймын.
Тұтынушының тегі, аты-жөні _________________
(қолы және күні)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 5 шілдедегі
№ 116 Жарлығымен
бекітілген
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.
3. Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына (бұдан әрі – АКҚҚ) жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 199-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың жүгінуі бойынша тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі болып табылады.
6. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу ҰҚК лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті ұсыныспен шыққан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушылар) үшін жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – он жұмыс күн ішінде.
Тауар үлгісін ұсынған кезде – тауар үлгісін ұсынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут;
3) қорытындыны алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін электрондық сұрату және басқа мерзімдер көзделмеген.
8. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
9. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерге алдын ала жазылу жүргізілмейді. Жедел қызмет көрсету көзделмеген.
10. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Күту орындарда мүмкіндіктері шектеулі жарымжан адамдар үшін жағдай жасау көзделген, күтуге арналған орындықтар және ақпараттық стенд орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Қорытынды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бұйымның құрылымдық ерекшелігі туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
2) техникалық зерттеуге жататын тауардың техникалық құжаттамасы немесе тауардың үлгісі;
3) тауарды жеткізу келісім-шарттарының (шарттардың) көшірмелері (бар болған кезде);
4) өкілдің өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген құжат (құжаттарды өкіл ұсынған жағдайда).
12. Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы тауар үлгісін ұсынады.
13. Белгіленген үлгідегі өтініш ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға осы Стандарттың 1-қосымшасында аталған ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.
14. Осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттарды қабылдауды лицензиялау органы мен аумақтық органдардың қызметкерлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне және мекенжайларға сәйкес жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні белгіленген талон (бұдан әрі – талон) беріледі. Талон нысаны осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
16. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Өкілдің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар ұсынылмағанда, лицензиялау органы немесе аумақтық органы қызметкерінің талабы бойынша тауар үлгісі ұсынылмаған жағдайда қорытынды берілмейді.
Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Лицензиялау органның қорытынды беру жөніндегі қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті уақытында көрсету;
4) сыпайылық;
5) барынша толық ақпарат беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы;
7) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мағынасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz «Маңызды сілтемелер» бөлімінде, сондай-ақ осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Шағым дайындауға ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар 8 (7172) 32-50-50 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.
22. Тұтынушылар ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-іне шағымдануға құқылы. Шағымның нысаны – ҰҚК органы басшысының атына осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген жазбаша өтініш.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ҰҚК уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселесінің шешімімен келіспеген жағдайда тұтынушылар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК-нің қабылдау бөлмесіне немесе аумақтық органдардың кезекшілік қызметтеріне шағымдана алады.
24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
25. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі Осы Стандарттың 15-тармағында көзделген талонды көрсетуі қажет.
26. Тұтынушылардың шағымдарын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе аумақтық органның кезекшілік қызметінде тіркелген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады немесе жеке өзіне табыс етіледі. Шағымды қарау барысы туралы тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесінен және аумақтық органдарының кезекшілік қызметтерінен біле алады.
27. ҰҚК және ҰҚК аумақтық органдарының байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
ҰҚК қабылдау бөлмесінің және аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің жұмыс кестесі:
жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері.
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері
№ |
Орган атауы |
Орналасқан мекенжайы |
1. |
Лицензиялау органы |
Астана қаласы, Оң жағалау, Желтоқсан көшесі, 8-үй. |
2. |
Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімше |
Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 108-үй. |
3. |
Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155-үй. |
4. |
Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70-үй. |
5. |
Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25-үй. |
6. |
Атырау облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20 «А» үй. |
7. |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15-үй. |
8. |
Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7-үй. |
9. |
Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24-үй. |
10. |
Қарағанды облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 17-үй. |
11. |
Қостанай облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77-үй. |
12. |
Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Қызылорда қаласы, Қонаев тұйық көшесі, 1-үй. |
13. |
Маңғыстау облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3-үй. |
14. |
Павлодар облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 24-үй. |
15. |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Петропавл қаласы, Сүтішев көшесі, 54-үй. |
16. |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36-үй. |
ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің байланыс деректері
№ |
Атаулары |
Орналасқан мекенжайы |
1. |
ҰҚК |
Астана қаласы, Сол жағалау, Түркістан көшесі, 8/1 үй. |
2. |
ҰҚК Алматы қаласы бойынша аумақтық орган |
Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 275-а үй. |
3. |
ҰҚК Ақмола облысы бойынша аумақтық орган |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155-үй. |
4. |
ҰҚК Алматы облысы бойынша аумақтық орган |
Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70-үй. |
5. |
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша аумақтық орган |
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25-үй. |
6. |
ҰҚК Атырау облысы бойынша аумақтық орган |
Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 «А» үй. |
7. |
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15-үй. |
8. |
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша аумақтық орган |
Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7-үй. |
9. |
ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24-үй. |
10. |
ҰҚК Қарағанды облысы бойынша аумақтық орган |
Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 17-үй. |
11. |
ҰҚК Қостанай облысы бойынша аумақтық орган |
Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77-үй. |
12. |
ҰҚК Қызылорда облысы бойынша аумақтық орган |
Қызылорда қаласы, Қонаев тұйық көшесі, 1-үй. |
13. |
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша аумақтық орган |
Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3-үй. |
14. |
ҰҚК Павлодар облысы бойынша аумақтық орган |
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 24-үй. |
15. |
ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Петропавл қаласы, Сүтішев көшесі, 54-үй. |
16. |
ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орган |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36-үй. |
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН
Кіріс № __________ құжатты қабылдағаны туралы
Мемлекеттік қызмет көрсетуді беру күні ______
Құжатты қабылдаған: _________________________
(ҰҚК қызметкерінің аты-жөні)
_____________________________________________
(қолы)
20 __ жылғы «__» ____________________________
Байланыс телефондары: _______________________
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы | |||
---|---|---|---|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну жағдайларының % (үлесі) |
- | - | - |
2. Сапасы | |||
2.1. қызмет көрсетуді ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
- | - | - |
3. Қолжетімділік | |||
3.1. қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
- | - | - |
3.2. электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызмет көрсетулерінің % (үлесі) |
- | - | - |
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
- | - | - |
5. Сыпайылық | |||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
- | - | - |
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 4-қосымша
___________________________
___________________________
___________________________
(ҰҚК органының бастығына)
__________________________,
шағым беруші
___________________________
мекенжайы
тел._______________________
№ _________________төлқұжат
Шағым
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
_________________________________________________________ сұраймын.
Тұтынушының тегі, аты-жөні ________________
(қолы және күні)