Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.04.2013 № 555 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32 және 36-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 30.10.2017 № 570 Жарлығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 30.10.2017 № 570 Жарлығымен.

      3. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж. № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері

аудан әкімі


Әкімшілік Басшысы, облыстың тиісті аудандарының мәслихаты


      "

      деген жол алып тасталсын;

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      23-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдер аппараттарының басшылары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.".

      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 86 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 595-құжат; 2005 ж., № 30, 379-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1613 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 379-құжат)

      3. "Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың, қалалардағы аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 339 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 196-құжат).