Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 және 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 79 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп тану туралы:
      1) «Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 867 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 366-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 48, 433-құжат).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев