Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 74 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 482-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:
      Бекназаров Бектас Әбдіханұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
      Дауылбаев Асхат Қайзуллаұлы - Қазақстан Республикасы Бас прокуроры;
      Аққуова Ғалия Бақытжанқызы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;
      Линник Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;
      Нұралин Дәулен Дәулетұлы - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан М.Т.Әлімбеков, Қ.Ә.Мәми, А.Ж.Құрықбаев, Л.Г.Полторабатько, С.И.Райымбаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев