Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 79 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.05.13 № 79 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағына жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 366-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
      мыналар енгізілсін:
Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев           - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы        ақпарат министрі;
      мына:
«Құл-Мұхаммед        - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы        ақпарат министрі»

деген жолдағы «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Б.Т.Сұлтанов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев