Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 1008 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      7-тармақтағы «болжамы мен бюджеттік параметрлерде» деген сөздер «болжамында» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақта «1 сәуірден» деген сөздер «25 наурыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1 мамырдан» деген сөздер «20 сәуірден» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев