Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі

Р/с №

Атауы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі

1

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2010 жылғы 1 наурызға дейін

2010 - 2014 жылдар

2010 жылғы 1 сәуірге дейін

2

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2010 жылғы 1 наурызға дейін

2011 - 2020 жылдар

2010 жылғы 1 маусымға дейін

3

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың "Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2010 жылғы 1 мамырға дейін

2011 - 2015 жылдар

2010 жылғы 1 маусымға дейін
 
 

4

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
 

2010 жылғы 1 қазанға дейін
 
 

2011 - 2020 жылдар
 
 

2010 жылғы 1 қарашаға дейін