Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат; 2005 ж., № 15, 174-құжат; 2006 ж., № 33, 350-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.»;
8-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысу үшін саяси партияларға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшада:
«арыздар мен шағымдарды қарайды;» деген сөздерден кейін «сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;»;
«саяси партиялардың өкілдерімен» деген сөздерден кейін «және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
«мәслихаттардың депутаттарын және» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындауды ұйымдастырады, оларды беру мен есепке алудың тәртібін айқындайды;»;
8) тармақшада «, олардың сенім білдірген адамдарын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны жариялайды;»;
13) тармақша «Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлау өткізуді ұйымдастырады;» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «мәслихаттар депутаттары мен» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі құжаттардың үлгілерін бекітеді; таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөнінде дауыс беру қорытындыларын белгілейді;»;
17) тармақшада «Парламент Мәжілісі мен» деген сөздер алынып тасталсын;
17-1) тармақшада «web-сайтына» деген сөздер «интернет-ресурсына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-5), 20-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-5) электрондық сайлау жүйесін іске қосу уақытын белгілейді;»;
«20-1) партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу үшін квота белгілейді;»;
«21-1) саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды;».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев