Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1127 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 593-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев