Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 1110 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат; 2006 ж., № 32, 340-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2010 жылғы 26 қарашадағы
№ 1110 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1167 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Алматы қаласындағы өкілдік
      Ішкі бақылау бөлімі
      Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі
      Стратегиялық және инновациялық даму бөлімі
      Қаржы-экономикалық бөлімі
      Күрделі құрылыс бөлімі
      Заң бөлімі
      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
      Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы