Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 909 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат, № 36, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы        орынбасары,

Нокин                    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы             тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                           істері агенттігінің төрағасы,

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы          министрі;

      мына:

«Жүнісов                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы       құрылысы департаменті» мемлекеттік
                           мекемесінің директоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүнісов                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы       құрылысы басқармасы» мемлекеттік
                           мекемесінің бастығы»;

      көрсетілген комиссияның құрамынан: А.Ө. Мамин, Қ.О. Омаров, Н.А. Коржова, Ғ.І. Оразбақов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев